Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"До скорой встречи": Киносүйер қауымды бұл маусымда қандай фильмдер күтіп тұр?

Опубликовано:

Биылғы жыл киносүйер қауым үшін сәтті болмақ. Nurtv.kz сіздердің назарларыңызға көп күттірген фильмдердің трейлерлерін ұсынады.

Фото: Nurtv скриншот
Фото: Nurtv скриншот: Instagram

1. Надо мною солнце не садится

Кино желісі бойынша, әкесімен сөзге келіп қалған Алтан Қиыр Солтүстікке кетеді. Ол осылайша адамы жоқ мекенде бір ай өмір сүреді. Ал кейінірек оған қарт Байбал қосылады. Ол мұнда өмірінің соңғы сәттерін сүру үшін келген. Сондай-ақ Алтаннан өзін марқұм әйелінің жанына жерлеуді сұрайды.

Бір күні Алтан бұрын Байбалдың қызы жоғалып кеткенін естиді. Осыдан соң ол қартты видео түсіруге үгіттеп, қарттың әр күнінің мәнді өтуіне барын салады.

2. Али, рули!

Uber-дің Стю есімді жүргізушісі кезекті қызметінде жауыз қанішердің соңына түскен полицейді жолаушы етеді.

Такси жүргізушісі шытырман оқиғаға тап болып, барынша сабырлы қалпын сақтауға, қиындықтан жол тауып шығуға тырысады.

3. Соблазн

Сибил - тәжірибелі психотерапевт әйел. Ол тәжірибе жасаудан бас тартып, кітап жазып шығаруды ойлап жүреді.

Фильм желісі бойынша Сибил Марго есімді пациенттің өмірін зерттей жүріп, өз тағдырын түбегейлі өзгертеді.

4. До скорой встречи

Кино Санкт-Петербургтік жалғызбасты ана мен АҚШ футбол құрамасының ойыншысының арасындағы махаббатқа негізделген. Қауіпті жарақат алған спортшы өмірден баз кешіп жүргенде орыс қызымен кездеседі.

5. Серебряные коньки

1899 жыл Петербургте рождество мерекесінің қарсаңы.

Жаңа ғасыр табалдырықтан аттар сәтте қарапайым жарықшының баласы Матвей мен ғылым саласында беделі артқан байдың қызы Алиса жолығып қалады. Әрқайсысының басында әр қилы тағдыр болғанымен, олар қалған өмірін бірге өткізуге тырысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1805142-do-skoroj-vstreci-kinosjer-kauymdy-bl-mausymda-kandaj-filmder-ktip-tr/

pixel