RU
Әлемдегі ең бай адам жаңа сүйіктісімен көзге түсті (фото)

Әлемдегі ең бай адам жаңа сүйіктісімен көзге түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

Amazon басшысы Джефф Безос Уимблдонның ерлер арасындағы финалда тележүргізуші Лорен Санчезбен бірге көзге түсті. Осылайша бір рет шаңырақ көтеріп, ажырасқан әлемдегі ең дәулетті адам басының қайта бос емес екенін білдірді деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: spletnik.ru

Фото: spletnik.ru

Безос пен Санчез арасындағы қарым-қатынас туралы қауесеттер 2019 жылдың қаңтар айында, яғни, Amazon басшысының әйелімен ажырасқаны туралы хабарды растаған кезде пайда болған еді.

Фото: spletnik.ru

Фото: spletnik.ru

БАҚ мәліметінше, отбасының құлдырауына тележүргізуші себеп болыпты.

Атап өтейік, 2019 жылы Forbes Джефф Безосты ғаламның ең бай адамы деп жариялады. Басылымның бағалауынша, ол 131 миллиард АҚШ долларын иеленіп отыр. Amazon интеренет-дүкенінен бөлек, бүгінде Безос аэроғарыштық Blue Origin компаниясы мен The Washington Post басылымына иелік етеді.

Фото: spletnik.ru

Фото: spletnik.ru

Айта кетейік, Джефф Безостың бұрынғы әйелі де байлықтан құр алақан қалған жоқ. Ажырасқаннан кейін бұрынғы күйеуіне ол Amazon компаниясының 75% -ын өз еркімен беріп, 25%-ын ғана иеленіп қалды.

Фото: spletnik.ru

Фото: spletnik.ru

Әйел адам өз табысының жартысын қайырымдылық қорларына бермек.

Ғаламның ең бай адамы ретінде танылған Безостың осындай деңгейге жетуіне тек Amazon дүкені себепші емес. Оған қоса кәсіпкердің жеке аэроғарыш компаниясы бар. Ол болашақта орбитаға алғашқы "ғарыш туристерін" жіберуді армандайды.

Фото: spletnik.ru

Фото: spletnik.ru

2018 жылы Безостың жағдайы рекордтық жүз елу миллиард долларға жетті, тіпті ажырасу кезеңі оның қаржылық кірістерін молайта түскен.

Сіздің реакцияңыз
5
1
2
0
2
11
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel