RU
Қонақтарға дастарқан жайған франциялық министр қызметінен кетті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қонақтарға дастарқан жайған франциялық министр қызметінен кетті

Рассказать Вконтакте

Францияның экология министрі Франсуа Де Рюжи салық төлеушілердің ақшасын шашты деген айыптаулардан соң отставкаға кетті деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Фото: Wikimedia Commons

Фото: Wikimedia Commons

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, шенеунік қонақтарға ең қымбат француз шарабын ұсынып, теңіз шаянынан ас әзірлеу арқылы көп ақша жұмсаған.

Де Рюжидің өзі "азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуге құқығым бар" деп ақталуға тырысқанымен қызметінен кеткен.

Жанжал туғызған оқиға экс-министр Францияның ұлттық кеңес төрағасы болып тұрған кезде орын алған.

Арнайы зерттеу жүргізген Mediapart басылымының мәліметінше, банкет Парижде болған.

Болжам бойынша оны саясаткердің әйелі, Gala гламур-басылымының журналисті ұйымдастырған.

Басылымның жазуынша, кешкі асқа тапсырыс берілген шараптың бір бөтелкесі 500 еуро тұрған. Қонақтарға сирек кездесетін әрі өте қымбат омар теңіз шаянынан ас әзірленген. Бұл қоршаған ортаны қорғаушылардың ашу-ызасын туғызған.

Сонымен қатар басылым Франсуа де Рюжи қызмет пәтеріне 63 мың еуроға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгенін, ол ақшаны бюжет есебінен алғанын, бұдан бөлек саясаткер Францияның батысындағы Нант қаласынан мемлекетке тиесілі пәтерді жеңілдікпен жалдағанын жазған.

Алайда Франсуа де Рюжи аталған мәліметтерді жариялаған Mediapart басылымын "ұрланған суреттерді пайдаланып, дақпыртқа негізделген жалған ақпарат берді" деп сотқа беретінін айтқан.

Ал Mediapart редакциясы болса, "саясаткерлердің табысы мен шығысын қоғам бақылап отыруы тиіс" деп мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel