Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Асқар ұлы мен жаңа күйеуінің қалай тез тіл табысқанын айтты

Опубликовано:

Жақында ғана екінші рет тұрмысқа шыққан Әсел Асқар жаңа өмірі жайлы сыр шертті. Актриса көпшілікке күйеуі мен ұлының қарым-қатынасы жайлы Instagram айтып берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар. Фото: Актрисаның жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Әсел Асқар. Фото: Актрисаның жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Өнер иесінің айтуынша, оның ұлы мен жұбайы алғаш рет кездесіп, бірден тіл табысып кеткен.

"Менің жақын адамдарымның алғашқы таныстығына ана ретінде қатты алаңдадым. Әрине бұл сұрақ менің оқырмандарымның да қызығушылығын тудырды. Мүмкін араларыңызда ұқсас оқиғаға жолыққандарыңыз да бар шығар.
Ол екеуі темперамент пен мінез жағынан ұқсайды. Екеуі де адаммен тез тіл табысып кетеді. Бұл күні осыған дейін әке атанбаған Айбек өзін өте керемет ұстады. Ол ұлым Арыстанмен ортақ тіл табысып кетті. Алғашында маған мұның барлығын тек мен үшін жасап жүргендей көрінген. Бірақ ол кішкентай балаларды қатты жақсы көретін болып шықты", - дейді актриса.

Сондай-ақ ұлы мен күйеуінің арасында байланыс орнағанын көрген Әсел Асқар өзінің бақытты екенін жеткізді.

"Біз алғашқы таныстық үшін орталық бақты таңдадық. Танысудың алғашқы минуттарынан соң сүйіктім мен ұлым бір-біріне үйреніп кетті. Балалы әйел ретінде мен ұсақ детальдарды да байқап үлгердім. Айбек ұлыммен қол ұстасып жүрді. Мен оның бойынан қамқорлық пен балаға деген мейірімділікті байқадым.
Әр ісі арқылы оның біздің адамымыз екенін түсіндім. Ал ер адамның менің баламды сол қалпында қабылдағаны маңызды. Мен осындай керемет адамды кездестіргеніме қуаныштымын. Мені сол қалпымда, баламмен қабылдағаны үшін бақыттымын", - деп жазды Әсел Асқар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бүркіттің қарындасының екінші рет тұрмысқа шыққаны белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1805167-sel-askar-ly-men-zaa-kjeuini-tez-til-tabysyp-ketkenin-ajtyp-maktandy/

pixel