RU
Олимпиада чемпионы Головкинмен кездескісі келетінін айтты

Олимпиада чемпионы Головкинмен кездескісі келетінін айтты

Рассказать Вконтакте

2012 жылғы Лондон олимпиадасының жеңімпазы Риот Мурат келесі жекпе-жегін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен өткізуге ниетті. Бұл туралы жапониялық боксшының промоутері Боб Арум айтты деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ESPN, Instagram/Gennadiy Golovkin

Фото: ESPN, Instagram/Gennadiy Golovkin

Промоутердің сөзінше, Мурат орта салмақтағы үздік боксшылар Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен кездесуді мақсат етуде. Жапониялық спортшы келесі қарсыласын әлі таңдамаған.

Ал Головкин өз кезегінде "Канелоны" жекпе-жекке шақырды. Алайда мексикалық боксшы кездесудеге қатыста нақты жауабын берген жоқ.

Есесіне Сауль Альварес әртүрлі салмақтағы WBO-ның үш чемпионына ұсыныс тастаған.

Риот Мурат 12 шілдеде WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы "тұрақты" әлем чемпионы атағын қайтарып алды. Ол америкалық боксшы Роб Брантты екінші раундта нокаутқа жіберді.

Жапониялық спортшы осылайша Брантта кеткен есесін қайтарды. Ол америкалық боксшыдан төрешілердің шешімімен өткен жылдың күзінде жеңіліп қалған болатын.

Осы жеңістен кейін Мурат орта салмақтың үздіктерімен айқасуға дайын екендігін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel