RU

"45 градус": Қазақстанда алдағы күндері аптап ыстық сақталады

"Қазгидромет" РМК өкілдері 18-20 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде елімізде қатты ыстық сақталады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мамандардың хабарлауынша, оңтүстік-батыс тропосфералық ағындар арқылы республиканың оңтүстік облыстарына Ираннан ыстық ауа массалары келіп түседі, және ағындар өз бағытын батыс немесе солтүстік-батысқа ауыстырмайынша алдағы үш тәулікте ештеңе өзгермейді.

Яғни аптап ыстық сақталады.

Мәселен оңтүстік облыстарда 35-40, кей жерлерде 45 градус дейін қатты ыстық болады.

Ал Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарына Оралдан салқын және ылғалды ауа түсе бастауымен кей жерлерде өткенші жаңбыр мен найзағай және ыстықтың бәсендеуі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1805171-45-gradus-kazakstanda-aldagy-knderi-aptap-ystyk-saktalady.html