RU
Қалыңдық көйлегін киген Гүлназ Жоланова жұртты қызықтырып қойды (фото)

Қалыңдық көйлегін киген Гүлназ Жоланова жұртты қызықтырып қойды (фото)

Рассказать Вконтакте

Instagram парақшасына қалыңдық көйлегіндегі суретін жариялаған Гүлназ Жоланова желіде қызу талқыға түсті. Актриса осыдан біраз уақыт бұрын "Қарақатпен шай" бағдарламасында сүйктісінің бар екенін айтқан болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақ фата таққан актрисаға желі қолданушылары сұрақты қарша боратқан. Олар өнер иесінің қуанышына ортақтасып, ақ тілектерін арнауды да ұмытпаған.

"Әр қазақ қызына ақ көйлек кию бақыты бұйырсын", "Бақытты болыңыз", "Бағың ашылсын", "Кімге тұрмысқа шыққалы жатырсыз?", "Періште сияқты", "Тұрмысқа шыққалы жатырсыз ба?".
"Неткен сұлулық", "Қандай жігітке тұрмысқа шығасыз?", "Өте әдемі қалыңдық" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Гүлназ Жоланованың тұрмысқа шыққаны жайлы қауесет тараған болатын.

Алайда әнші өзінің тұрмысқа шықпағанын, бірақ сүйіктісінің бар екенін мәлім етті.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel