Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан тұрғындары интернетке кіруде қиындықтарға тап болуы мүмкін

Опубликовано:

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан тұрғындары кей интернет ресурстарға кіре алмауы ықтимал екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: jrnlst.ru
Көрнекі фото: jrnlst.ru: UGC

Ведомство мұндай келеңсіздіктің себебін - кейбір мемлекеттік органдар Нұр-Сұлтанның байланыс операторларымен бірлесіп техникалық жұмыс жүргізіп жатыр деп түсіндірген.

Бұл шара мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік компанияларды хакерлік шабуыл, интернет-алаяқтар мен киберқауіптен қорғамақ.

Сол себепті қала тұрғындары кей интернет ресурстарға кіре алмауы мүмкін.

"Жекелеген интернет-ресурстарға кіру мүмкін болмаған жағдайда, мобильді құрылғының (ұялы телефон, планшет) тіркеліп-тіркелмегенін тексеруді және қауіпсіздік сертификатын (байланыс операторларының сайтында орналастырылған) орнатуды ұсынамыз.
Сондай-ақ, өз байланыс операторыңыздың call-орталығына хабарласуыңызға болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805174-nr-sltan-trgyndary-internetke-kire-almauy-mmkin/

pixel