RU
Алматыдағы арнайы операция кезінде полицейлер граната, тапанша мен пышақ тәркіледі

Алматыдағы арнайы операция кезінде полицейлер граната, тапанша мен пышақ тәркіледі

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада полицейлер арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде Алматы, Жамбыл, Шығыс және Батыс Қазақстан облысының төрт тұрғыны ұсталды деп хабарлайды қалалық ПД сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: versiya.info

Фото: versiya.info

Сотқа дейінгі тергеу барысында жедел ақпаратқа сәйкес Алматы аумағында суық қаруды заңсыз сақтау мен өткізумен айналысатын тұлғалар анықталды.

Жуырда өткен арнайы операцияның қорытындысы бойынша, Алматы, Жамбыл, Шығыс және Батыс Қазақстан облысының 32-35 жастағы тұрғындары бұған дейін зорлық, құжаттарды жалған рәсімдеу, алаяқтық, суық қаруды сақтау және сату, қарақшылық шабуыл жасау іс-әрекеттері мен адамға ауыр дене жарақатын келтіріп, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденгені үшін сотталғаны анықталған.
Аталған тұрғындарға қатысты кеше тергеу сотының рұқсатымен тінту шаралары жүргізілді. Нәтижесінде заңсыз айналымнан "РГД-5" гранаты, тапанша, 4 патрон және пышақ алынды.
Тәркіленген айғақты дәлелдер бойынша баллистикалық және дактилоскопиялық сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.

Ұсталғандар қамауға алынды. Қазіргі уақытта күдіктілердің қатысуымен қылмыстық эпизодтарды анықтауға бағытталған жедел және тергеу іс-шараларының кешені жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel