RU
"Мәскеу аруына" үйленген Малайзияның бұрынғы королі онымен ажырасып тынды

"Мәскеу аруына" үйленген Малайзияның бұрынғы королі онымен ажырасып тынды

Рассказать Вконтакте

Малайзияның бұрынғы королі V Келантан Султан 2015 жылы "Мәскеу аруы" атанған Оксана Воеводинамен ажырасып кетті. Бұл туралы дереккөздеріне сүйене малайзиялық New Straits Times басылымы хабарлады деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: @rihanapetra

Фото: @rihanapetra

Дереккөздің мәліметінше, ерлі-зайыптылар 22 маусым күні Сингапур сотына ажырасуға қажетті құжаттарды өткізген. Тіркеу үрдісі бірінші шілде күні аяқталды.

Некені бұзудың себебі әлі күнге дейін белгісіз болып қалуда. Желіде тарап кеткен құжаттарға сәйкес, ерлі-зайыптылар исламның қатаң ережелері бойынша ажырасқан. Енді 49 жастағы Мухаммад V пен 26 жастағы Воеводина қайтадан үйлене алмайды.

Олар ажырасуды растауға қатысты ресми мәлімдеме әлі жасаған жоқ.

Айта кетейік, бұрынғы король мен ресейлік модельдің үйлену тойы 2018 жылдың 22 қарашасында Мәскеуде болып өтті. Сұлулық байқауларында жұлдызы жанған ару сүйіктісі үшін ислам дінін қабылдаған.

Оған қоса, бұған дейін БАҚ арасында тақтан бас тартқан Малайзия королі мен "Мәскеу аруы" ажырасқалы жатыр деген ақпарат тараған болатын.

Оксана Воеводина осы жылдың 21 мамырында бұрынғы Малайзия короліне ұл туып берген.

Сіздің реакцияңыз
4
4
1
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel