RU
Көлгінов "Абу-Даби Плазадағы" мәселені шешуді тапсырды

Көлгінов "Абу-Даби Плазадағы" мәселені шешуді тапсырды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әкімдікте өткен жиналыс барысында "Абу-Даби Плаза" жобасына қатысты мәселелерді шешуді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алтай Көлгінов. Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Алтай Көлгінов. Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл тапсырманы ол өзінің орынбасарлары Нұрлан Нүркеновке, Алтынбек Қайсағалиевке және Асқар Амринге жүктеді.

"Жер мен рұқсат етілген инвестициялық жобалар бойынша шетелдік инвесторларға қажетті инфрақұрылым мәселесін шешіді тапсырамын. Оған қоса, "Абу-Даби Плаза" жобасы бойынша орын алған инфрақұрылым мәселесін шешу керек" , - деді Көлгінов.

Оның сөзінше, инвесторлардың мәселесін тез арада шешудің маңыздылығы астанаға бағытталған инвестициялар мөлшерінің 19,3%-ға төмендеуімен тікелей байланысты. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев та дүйсенбі күні өткен кеңейтілген үкімет отырысында айтқан болатын.

"Осы тұрғыда бізге инвесторларды тарту жұмысын жандандырып, іске асырылып жатқан аса ірі инвесторлар жобаларының сәтті аяқталуы үшін жағдай жасауымыз қажет. Инвесторларды тарту - біздің күнделікті тікелей міндетіміз. Әрбір инвестормен жекелей жұмыс істеу керек. Тіпті, кездесулерде де үстелдің басына отырып алмай, бетпе-бет отыру маңызды. Керемет басшысымақ болып көрінудің қажеті жоқ" , - деді әкім.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel