RU
"Славян базарында" жеңіске жеткен қазақ баласы той әндері жайлы пікір білдірді

"Славян базарында" жеңіске жеткен қазақ баласы той әндері жайлы пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Қазақстан мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Витебск-2019" вокалшылар конкурсының гран-при иегері Әділхан Макинмен кездесті. Кездесу барысында жас әнші той әндеріне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әділхан Макин Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы эстрада, өнер факультетінің 4-курсында оқиды. Ол "Витебск-2019" вокалшылар конкурсында 180 ұпайдан 178 ұпай жинап, гран-при жүлдесін жеңіп алды. 

"Саған үлкен алғыс білдіреміз. Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ол жаққа барып келдің. Сенің өнеріңе әлем таңғалды. Тағы да құттықтаймын. Шығармашылық қабілетіңді шыңдай бер. Осыдан 4 жыл бұрын осы сахнада Димаш Құдайберген үлкен өнерге қадам басты. Сондықтан Димаш, Әміре Қашаубаев сияқты Қазақстанның атын шығара бер", - деді Ақтоты Райымқұлова.

Жас әнші де қолдау көрсеткен тыңдармандарына шексіз алғысын білдірді.

"Қолдау көрсеткен қазақстандықтарға рақмет! Бұл жеңісімді Қазақстан халқына арнаймын. Барлыңызға зор денсаулық, бақыт тілеймін. Биыл жастар жылы. Сондықтан бізге көп еңбектену керек. Еңбек барлық қиындықты жеңеді", - деді Әділхан Макин мәдениет министрлігінің кулуарында.

Сондай-ақ Әділхан Макин той музыкасына да қатысты пікір білдірді.

"Бізге той керек. Себебі, қазақ халқы тойлатуды жақсы көреді. Бірақ өнердің құнын түсірмейік. Біз үлкен сахналарда қазақтың жанға жағымды шығармаларын орындауға тырысайық", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel