RU
1,5 млрд теңге жымқыру: ҚАЖК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасарының ісі сотқа өтті
Жаңалықтар Саясат және экономика

1,5 млрд теңге жымқыру: ҚАЖК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасарының ісі сотқа өтті

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бұрынғы бірінші орынбасары Бекболат Төремұратовқа қатысты қылмыстық істің сотқа өткенін мәлімдеді. Одан басқа айыпталушылар арасында Оралдағы тергеу изоляторының құрылысымен айналысқан мердігерлік ұйымның директоры да бар болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бекболат Төремұратов. Фото: atpress.kz

Бекболат Төремұратов. Фото: atpress.kz

Полковник 2019 жылдың көктемінде тұтқындалған болатын. Оған қызметтік міндеттерін заңсыз әрі асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Бекболат Төремұратов "Бура Строй" ЖШС қызығушылықтарын қолпаштап, қолдау білдірген. Анықталғандай, бұл ұйым Оралдағы тергеу изоляторы құрылысының тендерін ұтып алған. Жобаның жалпы құны - 9,6млрд теңге. Тергеу мәліметіне сәйкес, бұл қаржыдан 1,5 млрд теңге жымқырылған.

"Алаяқтық күдігі бойынша "Бар Строй" ЖЩМ директоры Сергей Барабошка тұтқындалып, Оралдың уақытша ұстау изоляторына тағытылды" , - деп жазылған арнайы хабарламада.

Қазіргі таңда, "Мемсараптама" РМК сметалық бөлімінің сарапшысы Серғазиннің де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Оған ешқайда кетпеу тілхаты бұлтартпау шарасы қолданған.

"Төремұратовқа қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Барабошко қамауда ұсталып отыр. Тергеу барысында 41,5 млн теңге көлеміндегі жеке мүлікке тыйым салынды.
Прокурорлық әрекет ету актінің енгізуіне байланысты 354,5 млн теңгені жымқыру тоқтатылды. Қылмыстық іс сот қарауында" , - деді БҚО прокуратурасы.

Айта кетейік, Төремұратов ҚАЖК мекемесіне тағайындалмай тұрып, БҚО ҚАЖД басшысы болып қызмет еткен. Оған дейін ол Оралдағы режимді мекемені басқарған. Тергеу изоляторының құрылысы әлі күнге дейін аяқталмаған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel