Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда Porsche мінген театр директоры екі көлікті қағып кетті (фото)

Опубликовано:

Оралда 16-шілде күні қазақ драма театры директоры Қуаныш Амандықов ‎өзінің Porsche Cayenne-мен екі көлікті қағып кеткен. Ол журналистерге рөлде өзін болмағанын мәлімдеген деп жазады "Мой город"-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Мой город
Фото: Мой город: UGC

Куәгерлердің айтуынша "Порше" көлігі "Рено" және "Тойота" маркалы көліктеріне келіп соғылған.

Фото: Мой город
Фото: Мой город: UGC

Көлік жүргізушілерінің екеуі де рөлде Амандықов болды дейді. Кейін ол аталған мәселеге қатысты пікір білдірді.

Фото: Мой город
Фото: Мой город: UGC

Ол жол-көлік оқиғасын кездейсоқтыққа теңеп, келеңсіз оқиға жаңбыр мен жолдың тым тайғанақ болуынан алға тартқан.

"Уайымдаудың қажеті жоқ. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бір көлікті тек жай ғана сырып өткенмін", - деген ол.

Алайда, облыстың денсаулық сақтау басқармасы төрағасының орынбасары екі адам зардап шеккенін айтып отыр. Десе де олардың екеуі де ауруханаға жатудан бас тартқан.

Полиция әзірге аталған оқиғаға қатысты ресми пікір білдірмеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805271-oralda-porsche-mingen-teatr-direktory-eki-klikti-kagyp-ketti-foto/

pixel