RU
Ыстықкөлде жоғалып кеткен қазақстандық азамат қалай аман қалғанын айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Ыстықкөлде жоғалып кеткен қазақстандық азамат қалай аман қалғанын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Ыстықкөлде үш күн із-түзсіз жоғалған Аркадий есімді қазақстандық азамат өмірі үшін қалай күрескенін айтып берді. Оны бірнеше тәулік бойы жергілікті милиционерлер мен құтқарушылар іздегенімен, ер адам Қара-Ой ауылындағы демалыс үйіне таксимен өзі оралған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: ҚР ІІД

Фото: ҚР ІІД

Аркадийдің айтуынша, Ыстықкөлді жүзіп өту оның ойында болмаған.

Дегенмен скутерді жалға алған соң оңтүстік жағалауға барып, сонда серуендеуге шешім қабылдайды. 15-20 минуттан кейін бензині таусылған ол көлдің ортасында құтқару жилеті және суға түсуге арналған ішкиіммен қалған.

"Оңтүстік жағалау жақын деп ойладым. Жағалауға дейін шамамен 7 шақырым қалды. Скутерде отырған күйі қолмен есе бастадым. Дегенмен осы кезде қатты дауыл тұрып, адам бойымен бірдей толқындар пайда болды. Жел мені кері қарай әкетті", - дейді ер адам.

Осылайша ол жағалауға жете алмаған, екі күн скутерде түнеген. Екінші түні аспан ашық болған, жағалаудан жарық көрінген. Алайда дауыл қайта басталады. Каджи-Са ауылы аумағында болған Аркадий скутері суға батып кеткен кезде жүзіп жетуге шешім қабылдайды.

"Үмітімді үзбедім. Нәтижесінде жағалауға жетіп, талдың түбінде демалдым", - деп толықтырды Аркадий.

Өзімен ақша алып жүрген ол елді мекенде шолақ шалбар, аяқ киім сатып алып, таксимен Балықшы елді мекеніне жеткен. Сол жерден пансионатқа барады. 

Айта кетейік, скутердің иесі шығынды өтеу туралы арыз түсірген. Аркадий ақысын төлеуге уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, Ыстықкөлде жоғалып кеткен қазақстандық азамат бүгін табылған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
15
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel