Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асланбек Жақыповқа қатысты сот үкімі күшін жойды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда қылмыстық істер бойынша сот коллегиясы жақында сотталған ҰЭМ департаментінің бұрынғы директоры Асланбек Жақыповтың шағымын қанағаттандырды. Оның ісі қосымша тергеуге қайтарылып, бұрынғы шенеунік қамаудан босатылды деп хабарлайды BNews.kz. сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Асланбек Жақыпов. Фото: neonomad.kz
Асланбек Жақыпов. Фото: neonomad.kz: Instagram

Жақыповтың ісіне қатысты тергеу жұмыстарымен бас прокуратура айналысатын болады.

"Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданындағы №2 аудандық сотының 2019 жылдың 29 мамырындағы Жақыпов Асланбек Қуандықұлына қатысты үкімінің күші жойылсын.
Қылмыстық іс ҚР ҚК 431-бабы тәртібінде бас сот отырысының тағайындалуына кедергі келтіріп жатқан процессуалды заңнама нормаларының елеулі түрде бұзылуын жою үшін Бас прокуратураға қайтарылсын" , - деді судья Шынар Ерғалиева.

Бұл уақытқа Жақыпов қамаудан ешқайда кетпеу тілхаты аясында босатылды.

Ертең бұған дейін қабылданған сот шешімінің өз күшін жоюы туралы қаулының толық мәтіні жарияланбақ. Сол сәттен бастап қаулы заңды күшіне ие болып, шағым түсіруге келмейтін болады.

Айта кетейік, бұған дейін Жақыповтың өз жауаптарынан бас тартып, "жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінен қысым көргенін" мәлімдеген болатын. Ол өзіне жала жапқанын айтты.

Министр Руслан Даленов Жақыповқа қатысты сот үкімі күшіне енген соң отставқаға кетуге дайын екенін жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1805290-aslanbek-zakypovka-katysty-sot-kimi-ksin-zojdy/

pixel