Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте кәсіподақ көшбасшысы 11 млн теңге жымқырғаны үшін жеті жылға сотталды

Опубликовано:

Бүгін, 17 шілде күні Шымкент қаласының Еңбекшіқазақ аудандық сотында "Лайықты еңбек" кәсіподақ ұйымының көшбасшысы Ерлан Балтабайға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Getty Images

Тәуелсіз кәсіподақ төрағасы ұйымның қаражатын аса ірі мөлшерде ысырап еткен деп айыпталуда.

Сот тергеуі барысында Балтабай өзінің қызметтік жағдайын пайдакүнемдік мақсатта қолданғаны анықталды. Атап айтқанда, ұйымның төрағасы бола отырып, ол тиісті құжаттар мен есептерді ресімдемей кассадан ақша қаражатын алған.

Осылайша, Балтабай кәсіподаққа тиесілі 10 млн 800 мың теңге көлемінде ақшаны жымқырған.

Сот кәсіподақтың бұрынғы бкөшбасшысын кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырды, сондай-ақ оны сол мерзімге қоғамдық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырды.

Үкім әлі заңды күшіне енбеді.

Алайда, Балтабайдың өзі кінәсін мойындаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805306-symkentte-ksipodak-ksbassysy-11-mln-tege-zymkyrgany-sin-zeti-zylga-sottaldy/

pixel