Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев бас прокурорға Арыстағы жарылысқа кінәлілерді жазалауды тапсырды

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовты қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Бас прокурор президентке биылғы жылдың бірінші жарты жылдығының нәтижелерін таныстырған.

Сондай-ақ президент Бас прокуратураның құқық қорғау органдарының қылмыспен күреске және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған үйлестіру функциясын күшейту жұмыстарының орындалу барысымен танысты.

Ғизат Нұрдәулетов азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар туралы да есеп берген.

Президент өз кезегінде Бас прокурорға Арыс қаласындағы жарылыстарға қатысты қылмыстық істі тергеу барысында әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етуді және кінәлі тұлғалардың бәрін жауапқа тартуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев күш-жігерді азаматтардың құқығын қорғауға, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күреске жұмылдыру қажеттігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1805336-bas-prokuror-gizat-nrduletov-prezidentti-kabyldauynda-boldy/

pixel