Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында қоластындағылармен ішімдік ішкен әкім орынбасары жұмыстан қуылды

Опубликовано:

Павлодар облысында әкім орынбасары жұмыстан қуылды. Ол өз қоластындағы қызметкерлермен ішімдік ішкені үшін лауазымды орнынан айырылған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы департаментінің басшысы Айдар Тастеміров мәлімдеді деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Тастеміровтың сөзінше, адамдар мемлекеттік қызметкерлер тарапынан болатын әдепсіз қылықтарға шағымданып жатады.

Этика бойынша комиссиның соңғы отырысынан кейін Павлодар облысындағы Үспен ауданының әкім орынбасарын жұмыстан босату жайлы ұсыныс айтылған.

Департамент жетекшісінің айтуынша, ер адам өз қызметкерлерімен ішімдік ішіп жатып елдің көзіне түскен.

Pavon.kz басылымының хабарлауынша, мемлекеттік істер бойынша өңірлік департаментке Үспен ауданының ТКШ бөлімінің бұрынғы жетекшісінен шағым түскен.

Шенеунік аудан әкімнің орынбасары Жасыұзақ Есіркепов оны мейрамханада өзімен бірге ішімдік ішуге мәжбүрлегенін айтқан. Бұдан кейін оның қоластындағы қызметкер мас күйінде рөлге отырып, жүргізуші куәлігінен айырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805360-pavlodar-oblysynda-kolastyndagylarmen-isimdik-isken-kim-orynbasary-zmystan-kuyldy/

pixel