Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алты жасар баласын мектепке бермеген ата-аналарға айыппұл салына ма?

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қоғамда қызу талқыланып жатқан алты жасар балалардың мектепке бару мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі: UGC

Министр балаларды алты жастан мектепке беру нормасы "Білім туралы" заңға үш жыл бұрын енгізілгенін еске салды. Ол бұл жайтты қолдап, тиісті статистикалық мәліметтерді келтірген.

2014 жылы мемлекет бойынша 320 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа барды. Сол кездің өзінде олардың 60%-ы алты жаста болған. Былтыр балалардың шамамен 89%-ы тиісті нормасыз, өз еркімен алты жасында бірінші сыныпқа келген.

"ЮНЕСКО мәліметінше, әлемнің 134 елінде балалар мектепке алты жасынан бастап барады. Сол себепті, мұнда ешқандай жаңашылдық жоқ. Биыл айтарлықтай көп бүлдіршін мектепке осы жаста бармақ.
Әрине, балалардың жекелей ерекшеліктері де бар. Оны ұмытпауымыз керек. Алайда, заңға қабылданған бұл өзгерістер өз күшіне енді. Сол себепті, біз құқықтық алаң аясында жұмыс істеуіміз керек" , - деді Аймағамбетов.

Министр баласын алты жастан мектепке бермеген ата-аналарға айыппұл салынады деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл норма заңға үш жыл бұрын енгізілген болатын. Сол себепті, бұл норма мүлде жаңа емес. Ал айыппұл салынады дегенге қатысты айтатын болсам, бұл мәліметті растай алмаймын. Балалардың алты жасында мектепке келмегені үшін салынатын айыппұлдар бізде жоқ" , - деді БҒМ басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805369-alty-zasar-balasyn-mektepke-bermegen-ata-analarga-ajyppl-salyna-ma/

pixel