Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіні жарған "қазақстандық Джим Керридің" кім екені белгілі болды

Опубликовано:

Желіні пародиясымен жарған "қазақстандық Джим Керридің" кім екені белгілі болды. Оған қоса, ел арасында қызу талқыланған видеоға қатысты жаңа мәліметтер шықты деп жазады Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: UGC

Аталмыш видеоның кейіпкері он жасар Абылай Алмахов есімді бала болып шыққан. Ол Қарағанды облысындағы Сатпаев қаласында тұрады. Жасөспірімнің пародия жасағанды жақсы көретіні анықталды.

Желіде тарап кеткен бейнежазба 13 шілде күні Жезқазғанда өткен ағасының тойы кезінде түсірілген.

Оқушының анасы Гүлшат Байтоқанова әнші өнер көрсетіп жатқан кезде Абылай қалжыңдап, ойнап отырғанын айтты. Балақайдың ата-анасы оның көңіл көтеріп отырған сәтін видеоға түсіріп алған. Олар бейнероликті туысқандарына жіберген. Алайда, видеоның желіге тарап, танымалдылық әкелетінін мүлде ойламаған екен.

Ғаламтордағы танымалдылық олар үшін күтпеген жағдай болған.

"Ұлым үнемі бізбен қалжындасып тұрады. Біреулерге пародия жасап жүреді. Оны әрқашан видеоға түсіріп жүреміз" , - деді келіншек.

Абылай қыркүйекте бесінші сыныпқа барады. Ол дзюдомен айналысады. Жасөспірім болашақта чемпион болуда армандайды. Оның өзінен үлкен екі ағасы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805392-zelini-zargan-kazakstandyk-dzim-kerridi-kim-ekeni-belgili-boldy/

pixel