RU
"Димашпен бекер салыстырмайды": Макиннің ұстазы оның ерекшеліктерін айтты

"Димашпен бекер салыстырмайды": Макиннің ұстазы оның ерекшеліктерін айтты

Рассказать Вконтакте

"Славян базарында" жеңіске жеткен Әділхан Макиннің вокал бойынша ұстазы әрі эстрада өнерінен PhD доктор Иоаннис Кайсиди қазақстандық әншінің аталмыш байқауға қалай дайындалғаны жөнінде айтып берді деп жазады Sputnik Казахстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әділхан Макин и Иоаннис Кайсиди. Фото: БелаПАН / Сергей Серебро и Sputnik / Абзал Калиев

Әділхан Макин и Иоаннис Кайсиди. Фото: БелаПАН / Сергей Серебро и Sputnik / Абзал Калиев

Оның сөзінше, Әділханның Гран-при иегері болатынына ешкім 100% сенімді болмаған.

"Дайындық өте жоғары деңгейде өтті. Себебі, біз өзімізге артылған жауапкершілікті түсіндік. Өте жоғары деңгей болды" , - деді педагог.

Кайсиди байқауға репертуарды Әділхан екеуі бірге таңдағанын айтты. Алайда, көбіне бұл мәселемен әншінің өзі айналысқан.

Вокал бойынша ұстаз музыкалық додаға дайындық кезінде Макин екеуі жас әншінің бар талантын паш етуге тырысқанын жасырмады.

"Ол ән айтқанды өте жақсы көреді. Бұл жайт мені қатты қуантады. Кейде одан шаршап та кетемін. Болды, қой, жетеді деп айтып жатамын. Ол болса, "Жоқ Иоаннис Георгиевич айту керек" деп қояды, - деді Кайсиди.

Әділханның ұстазы оның өте еңбекқор әрі ынталы екенін алға тартты. Кайсидидің айтуынша, Макин үш октава шегіндегі диапозонға ие. Оның даусы жоғары да, төмен де ноталарда аса жарқын шығады.

Оған қоса, педагог байқаудың қазылар алқасы құрамында болған Тамара Гвержцителидің сөзін еске алды. Әйгілі әнші Әділханды түрлі техникаларды қолданатын жан-жақты вокалист деп атаған болатын.

Кайсиди бастысы Макин тыңдарманды таңғалдыра алды деп есептейді. Оның пікірінше, бұл аса маңызды дүние.

"Оны Димашпен бекер салыстырмайды. Себебі, олар жаңашылдық енгізуге тырысады" , - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel