Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меруерт Түсіпбаева "Баянауыл ауданының құрметті азаматшасы" атанды

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаеваға "Баянауыл ауданының құрметті азаматшасы" атағы берілді. Туған өлкесі тарапынан еңбегі бағаланған әнші қуанышты жаңалығымен желі қолданушыларымен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZNUR.KZ
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZNUR.KZ: Twitter

Эстрада жұлдызы ерекше атаққа ие болғанына байланысты сүйінші сұрап, Instagram парақшасында арнайы жазба қалдырған.

"Ал, құттықтыңыздар. Қасиетті Баянауылдың Құрметті азаматшасын. Осы күнге дейін, xалықтың маған берген атақтарының ішінде, қымбаттысы. Шәкен Аймановтай , Қаныш Сатпаевтай тұлғалардың, жерлесі болғаным - баға жетпес бақыт емес пе" , - деді Түсіпбаева.

Отандық әнші өзінің "Баянауыл ауданының құрметті азаматшасы" атанғанын растайтын тиісті құжаттың суретін жариялаған. Желі қолданушылары бірауыздан әртісті жеке марапатымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1805512-meruert-tsipbaeva-baanauyl-audanyny-krmetti-azamatsasy-atandy/

pixel