Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанды дауыста ән айтқан Әбдіжаппар Әлқожа жұртты сүйсінтті

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын елді шулатып, басы дауға қалған Әбдіжаппар Әлқожа жанды дауыста ән айтып, көпшілікті сүйсінтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Інісінің "Лабиринт жүрек" әнін жанды дауыста айтқан сәтін Роза Әлқожа Instagram парақшасына салып қойған.

Ал желі қолданушылары Әбдіжаппар Әлқожаның қоңыр үніне риза болып, жарыса пікір жазған.

"Өте керемет", "Дауысы қандай жағымды", "Жарайсыздар", "Қандай әдемі көрініс", "Жанды дауыста әнді жақсы орындайды екен".
"Жүректен шыққан жүректерге жетті. Есті әндердің қатары көбейе берсін", "Тіл-көзден аман болыңыздар" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Әбдіжаппар Әлқожа қожалар жайлы айтып, көпшілік арасында қызу талқыға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1805513-zandy-dauysta-n-ajtkan-bdizappar-lkoza-zrtty-sjsintti/

pixel