RU
"Жасындай жарқ етті": 10 жыл бұрын көз жұмған Руслан Бөлебай туралы не білеміз?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Жасындай жарқ етті": 10 жыл бұрын көз жұмған Руслан Бөлебай туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

2009 жылдың 16 шілдесінде көрерменнің көзайымына айналған тележурналист Руслан Бөлебай Алматыда жол апатынан қаза тапты. Құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалған талантты азаматтың өмірден өткеніне биыл он жылдың жүзі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Руслан Бөлебай. Фото: saveig.com. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Руслан Бөлебай. Фото: saveig.com. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Осы орайда KAZ.NUR.KZ Руслан Бөлебай жайлы естеліктерді назарларыңызға ұсынады.

- Ол 2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын бітірген.

- 2009 жылдың шілде айында талантты журналист жол апатынан көз жұмды деген ақпарат елді дүр сілкіндірді.

- Небәрі 24 жасында елге танылып, халықтың сүйіктісіне айналған журналистің қазасын қазақ жұрты ауыр қабылдады.

- Ұлттық арнадағы "Таңшолпан" бағдарламасын жүргізген Руслан Бөлебай бүгінде тірі болса 34 жасқа келер еді.

- Тілшілік қызметтен бөлек, Руслан әншілікті де қатар алып жүрді. Ол "Кең дала", "Сен болмасаң", "Жанарым", "Елес", "Мөлдір моншақтар", "Кешікпей келем деп ең", "Махаббатпен ойнама сен", "Іңкәрім-ай" әндерін мәнеріне келтіре орындап, көрермен ықыласына бөленді.

- Русланның қазасы оның отбасындағы жалғыз қайғылы жайт емес. Ол өмірден озардан бір жыл бұрын ағасы да жол апатынан қайтыс болған.

- Бір таңданарлығы, Русланның жасаған соңғы хабары көлік апаты және одан сақтану жолдары туралы болған.

- 2016 жылы тележурналистің туған жері Қызылорда облысы Шиелі ауданында Руслан Бөлебайдың атына көше берілді.

Қызмет жолы

- 2002 жылдан бастап, республикалық "Ұлан" газетінің қоғамдық тілшісі атанған. 2003 жылы ҚазҰУ-дың "Қазақ университеті" газетінің штаттағы тілшісі, 2003-2004 жылдары "Арай" журналының жауапты редакторы болған.

- Ал 2005 жылы "НТК" арнасының жаңалықтар бөлімінің тілшісі және Retro FM радиосының жаңалықтар қызметінің жүргізушісі;

- 2004-2005 жылдары "Азамат.кз" газетінің журналисі, 2005-2006 жылдары "КТК" телеарнасының ақпараттар бөлімінің тілшісі қызметін атқарған.

- 2007 жылдың қаңтар айынан бастап "Қазақстан" ұлттық телеарнасында "Таңшолпан" бағдарламасының жүргізушісі болып қызмет еткен.

Марапатттары

- "Жас Астана – жас жеткіншектер көзімен" атты II Халықаралық фестивалінің 2000 жылғы марапатына ие болған;

- "Окжетпес-2002" Халықаралық фестивалінің лауреаты;

- "Еуразия шеңбері" II Ақпараттық Халықаралық жастар форумының бас жүлдегері:

- 2004 жылы Дүниежүзілік ВВС радиосы жариялаған "Мен ВВС Қазақ қызметінің басшысы болсам..." атты эссе-байқауының бас жүлдесін жеңіп алып, Лондон қаласындағы ВВС радиосында өндірістік тәжірибеден өткен.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
48
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel