RU
Әйгілі Месут Озил шашын сары түске бояп тастады (фото)

Әйгілі Месут Озил шашын сары түске бояп тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

"Арсенал" футбол клубының ойыншысы Месут Озил жаңа маусым алдында стиліне өзгеріс енгізді. Танымал футболшы шашын сары түске бояп, жанкүйерлерін таңғалдырған деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Түрік аяқдопшының жаңа образдағы суреті "Арсеналдың" Twitter желісіндегі ресми парақшасында жарияланған.

30 жастағы жартылай қорғаушы алғаш рет шаш бояған.

"Ляказетпен бәс тігіп, ұтылып қалдым. Тағы кім бояды шашын? Шкодран Мустафи мен Колашинац. Біз бірге жеңілдік қой" , - деді Месут.

Айта кетейік, бұған дейін Месут Озилдің отау құрғанын хабарлаған болатынбыз. Футболшы 2014 жылы "Түркия аруы" атанған Амине есімді бойжеткенге үйленген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel