RU
"Шымкенттің жазы келді": Аптап ыстыққа үйренбеген астаналықтар өзен жағалап кетті
Жаңалықтар Қоғам

"Шымкенттің жазы келді": Аптап ыстыққа үйренбеген астаналықтар өзен жағалап кетті

Рассказать Вконтакте

Елордада бір аптаға жуық уақыт бойы ауа температурасы күрт көтеріліп, сынап бағанасы күн сайын 30 градус ыстықты көрсетіп тұр. Ал салқын жазға үйренген астаналықтар Есіл өзенінің бойын күн сайын тасалауға мәжбүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күннің аптап ыстығына бой үйретпеген астаналықтар шіліңгір шілденің ыстығына шыдай алатын емес. Олар әсіресе қаладағы субұрқақтар мен Есіл өзенінің бойын тасалауда.

Instagram желісіндегі vastane.kz парақшасы жариялаған жазбадан Есіл жағасында ине шаншар жоқ екенін байқауға болады.

Жазба авторы "Ыстықпен қалай күресіп жатырсыздар?" деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Желі қолданушылары аталған суретке қатысты түрлі пікірлерін жаза жөнелген.

"Мұндай ыстықты көрмедік", "Ауа-райы Шымкентпен ауысып кетті ме?", "Су мен субұрқақ аман болсын", "Тым ыстықтан шаршадық, жаңбыр жауса екен", "Елордаға мынадай жаз жараспайды" деді олар.
Сіздің реакцияңыз
2
2
1
0
7
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel