Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шөпті жақсы көремін": Әйгілі теннисші ерекше әдеті туралы бар шындықты айтты (видео)

Опубликовано:

"Уимбилдон - 2019" турнирінің жеңімпазы Новак Джокович теннис кортындағы шөпті жейтін дәстүріне қатысты пікір білдірді. Сербиялық кәсіби теннисші әрбір финалдық жеңісінен кейін алаңдағы шөпті жеуді әдетке айналдырып алған деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: xsport.ua, sport24.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: xsport.ua, sport24.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әлемге әйгілі теннисші бұл жолғы ақтық сындағы жеңісінен кейін де корттағы шөпті жұлып жеген. Джокович бұл ерекше дәстүрі жайлы тың мәліметпен бөлісіп, көпшілікті таңғалдырған әдеті қалай пайда болғанын да жайып салды.

"Тіпті білмеймін де не айтарымды. Мен бар болғаны шөпті жақсы көремін. Дәл осы Уимблдонды жеңгім келетін. 2011 жылы финал алдында осы арманымды іске асырар алдында маған бір қызық ой келді.
Жеңіске жетсем, есте қаларлық бір нәрсе жасауым керек деген. Міндетті түрде ерекше дүние жасауым керек болды. Көп нәрсе ойыма келді. Бірақ, мен шөп жей саламын деп шештім. Сол кезден бері қалыптасып кетті" , - деді Джокович.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1805595-spti-zaksy-kremin-jgili-tennissi-erekse-deti-turaly-bar-syndykty-ajtty-video/

pixel