RU

"Ювентус" 19 жастағы жұлдыз футболшыны сапына қосты

"Ювентус" пен "Аякс" Маттейс Де Лигттің трансфері бойынша ортақ келісімге келді деп хабарлайды Eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Туриндік клуб Twitter желісіндегі парақшасында 19 жастағы қорғаушыны қатарына қосқаны туралы мәлімдеді.

"Маттейс Де Лигт ресми түрде "Ювентус" ойыншысы атанды", - делінген жазбада.

Айта кетейік, Де Лигт "Аякс" сапында 2016 жылдан бері өнер көрсетеді. Қорғаушы амстредамдық клубпен Чемпиондар лигасының 2018/19 маусымында жартылай финалға дейін жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1805604-uventus-19-zastagy-zldyz-futbolsyny-sapyna-kosty.html