RU
150 млн теңгені иемденген Ақтөбе шенеуніктеріне үкім шықты

150 млн теңгені иемденген Ақтөбе шенеуніктеріне үкім шықты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау басқармасының басшысы мен орынбасары Қуанышев және Қанаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды деп хабарлайды жемқорлықпен күрес қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, аталған тұлғалар өздерінің қызметтік лауазымын пайдаланып, бір топ адамдармен бірге жекеменшік компания өкілдерінің сенімдеріне кіріп, жобалық, қарау және құрылыс-монтаждау жұмыстары лицензиясын ескі нұсқадан электрондық түріне өткізу үшін 150 млн теңгеден астам ақшаны иемденген.

16 шілде күні Ақтөбе қаласы № 2 соты үкімімен Қуанышев пен Қанаев алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Олардың екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметке тұру құқығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel