RU
"Біреу әсер еткен": Адам өлтірді деген күдікке ілінген спортшыға қатысты жаңа дерек шықты

"Біреу әсер еткен": Адам өлтірді деген күдікке ілінген спортшыға қатысты жаңа дерек шықты

Рассказать Вконтакте

NBA дәрежесі бойынша бокстан әлем чемпионы Аслан Мұқановты жездесін өлтірді деп айыптап жатыр. Боксшының анасы ұлының шетелде болған уақытында өзгеріп кеткенін айтады. Әйел адам спортшы теріс ағымның жетегінде кеткен деп есептейді деп жазады "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аслан Мұқанов пен оның анасы Зәуре Төлебайқызы. Фото: КН/Константин Вишниченко и Сергей Миронов

Аслан Мұқанов пен оның анасы Зәуре Төлебайқызы. Фото: КН/Константин Вишниченко и Сергей Миронов

Тергеу нұсқасы бойынша, Мұқанов өзінің туған әпкесінің күйеуін өлтірген. Ол жездесінің өмір сүру салтын дұрыс емес деп есептеді.

"Мұқанов Пшенбаевтың өмір сүру салты мен әпкесіне деген қарым-қатынасына көңілі толмай, оны өлтірмек болған.
Ол алдын ала дайындап қойған пышақты алып, Алтын Дала ауылына жаяу барған" , - деді тергеуші Рогожина.

Басылымның мәліметінше, ер адам орман, өзен және таудан асып, 20 шақырым жүріп өткен.

Күдікті есікті қаққан сәтте оны жездесі ашып, артынан ұйықтауға кетті. Тергеудің болжамынша, Мұқанов киімін ауыстырып, қолына пышақ алып, ұйықтап жатқан туысын өлтірген болу керек.

Боксшы 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Азамат өз кінәсін толықтай мойындады. Ол өзен мен таудан өтіп болған соң Заречныйда тұтқындалғанын айтты.

Асланның анасы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Оның сөзінше, Серік Пшенбаев әйелін қатты жақсы көрген, тіпті, алақанында аялаған. Олардың жеті айлық қызы бар. Әйел адам Аслан мен жездесінің ағайындылар секілді болғанын айтты.

"Ақжанның әңгімесінен: Аслан салқынқандылық танытты. Өз әрекетінен кейін ол о дүниеде жеңіл болу үшін Серікке "Аллаһ Әкбар" деп айтуын сұрапты. Сосын пышағын жуып, киімін ауыстырып, кетіп қалған.
Менің ұлыма біреу әсер еткен! Соңғы кездері ол құдды басқа әлемде өмір сүргендей болды. Оның не ойлағанын білгенімде қолына кісен салып, үйден шығармас едім" , - деп жылады келіншек.

Асланның анасы оқиғаға теріс ағым өкілдерін кінәлап отыр. Оның сөзінше, ұлына шетелдегі секталар елеулі түрде әсер еткен. Боксшы анасына, марқұм намаз оқығанда ісі оңға басатын еді деп айтып қалыпты.

Оған қоса, әйел адам Мұқановтың діни киімдегі сақалды азаматтардың арасында тұрған суретін көрсетті.

Боксшының анасы Колумбияда ұлының қаржылық жағдайы күрт нашарлап кеткенін айтады. Ол бәрін тастап, Ливаннан келген босқындар тұратын Майкао елді мекеніне жаяу кетіп қалған. Жігіт тіпті өз ұялы телефонын сатып жіберген екен. Ол үйіне қайтуды армандаған.

26 маусым күні қазақстандық спортшы елге оралды. Алайда, Асланның анасы оның бойынан үлкен өзгерістерді байқаған.

"Ол күлмейтін болды. Біз оған сөйлесіп тұру үшін телефон бердік. Ол оған үнемі үңіліп, өз әлемінде отыратын.
Бізде үнемі жарық өшіп қалатын кездер болып тұрды. Бір күні тағы жарықсыз қалғанда, ол үш минуттан кейін жарықтың қосылатынын айтты. Дәл солай болды. Бәріміз таңғалдық. Бұл кездейсоқтықтың әсерінен ол өзінің жаңылысқанына одан бетер сене бастаған болса керек" , - дейді ол.

Аслан тұтқындалған күні әйел адам оның неліктен Серікті өлтіріп, әпкесін күйеусіз, жиенін әкесіз қалдырғанын сұраған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық әлем чемпионы "адам өлтірді" деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
2
3
12
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel