Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатыным" деп ән шырқаған отандық әншіні жұрт сынға алды

Опубликовано:

"Алашұлы" тобының әншісі Әзімбек Байлин "Қатыным" деген ән шығарып, жұрттың сынына қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Видео Youtube желісіндегі Той думан парақшасында жарияланды.

Бейнеклиптің жарыққа шыққанына бір күн болса да, 70 мыңға жуық қаралым жинап үлгерген.

Видеоны көрген оқырмандар әртістің арзан туынды шығарғанына наразылықтарын білдірді.

Желі қолданушылары "Өте арзан ән", "Қатыным деген ән шықты, ертең "байым" деген ән шықса таңғалмаймын", "Құлаққа ерсі естіледі", "Енді "Тоқалым" деген ән шығару қалды", "Жеңіл туынды", "Сізге мағынасыз ән айтқан жараспайды" деген сынды пікірлерін қалдырған.

Арасында әннің көңіл-күйді көтеретін туынды екенін айтып, Әзімбек Байлиннің шығармашылығына толағай табыс тілегендер де табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1805616-katynym-dep-n-syrkagan-otandyk-nsini-zrt-synga-aldy-video/

pixel