RU
Балиде жүрген Мәдина Сәдуақасова демалысынан суреттерін жариялады (фото)

Балиде жүрген Мәдина Сәдуақасова демалысынан суреттерін жариялады (фото)

Рассказать Вконтакте

Балиде отбасымен демалып жүрген Мәдина Сәдуақасова Instagram парақшасына кезекті саяхатынан суреттер жариялап, жұртты қызықтырып қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, олар Балиге дейін 24 сағат ұшып барған.

"Балиге аман-есен жеттік. Жолға тура 24 сағат кетті. Әкесі мен баласы жеткенше, "қашан қонамыз?", "Неше сағат қалды?" деген сұрақтарды кезектесіп қойды. Әлемдегі ең әдемі жерлердің бірі. Бәрімізден елге ыстық сәлем", - деп жазды Мәдина Сәдуақасова.

Сондай-ақ әнші жергілікті тұрғындардың қонақжай халық екенін де айта кетті.

"Индонезиялықтар өте мейірімді, ақ жарқын халық екен. Кездескен адам сенімен міндетті түрде амандасып, күлімдеп тұрады. Бірақ, камерадан ұялады", - деді әнші.

Ал желі қолданушылары әншінің отбасылық демалысына сәттілік тілеп, жарыса пікір жазған.

"Керемет", "Бақытты болыңыздар", "Демалыстарыңыз жақсы өтсін", "Суреттеріңіз керемет", "Бізге де сіз секілді саяхаттауды нәсіп етсін", "Мен сіздің осы демалысыңызға ғашық болдым. Қандай керемет мекен".
"Сенде арман жоқ шығар", "Отбасыңыз аман болсын", "Бақытқа лайық жансыз", "Жүзіңізден қуаныш кетпесін", "Сізге қызыға қарап отырмын" деп жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз
3
2
1
1
1
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel