RU
"Махаббатым, менің": Бүркітті туған күнімен құттықтаған Аиша жантебірентерлік жазба жариялады

"Махаббатым, менің": Бүркітті туған күнімен құттықтаған Аиша жантебірентерлік жазба жариялады

Рассказать Вконтакте

Биыл 41 жасқа толған Бүркітті жұбайы Аиша жантебірентерлік жазбамен құттықтады. Желідегілер үш баланы тәрбилеп отырған жұлдызды жұптың махаббатына риза болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әнші сүйгеніне арнаған сезімге толы сөздерін Instagram парақшасында жазды.

"Махаббатым, менің! Cені туған күніңмен құттықтаймын! Маған жылдан-жылға бір-бірімізге өте жақын әрі туыс болып бара жатқандай көрінеді. Әр жыл сайын сені жақсы танып келем. Әр жыл сайын саған деген сенімім күшейіп, жыл санап саған деген махаббатым артуда. Білесің бе, Алла Тағалам саған мені бекер жібермеген. Сенің арқаңда өмірде көп нәрсені үйрендім. Сен менің ұстазымсың!
Маған сенің жанымда өзімді сол қалпымда сезіне алатыным ұнайды. Саған барлығы үшін рахмет! Мен сенің барлық жоспарлаған дүниеңе қол жеткізетініңді білемін. Саған әрдайым сенемін! Әрі сенің жаныңнан табыламын! Сені шын жүрегіммен сүйемін. Туған күніңмен, махаббатым менің!", - деді Аиша.

Сіздің реакцияңыз
1
2
2
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel