RU
Сарапшы әлемдегі кез келген армия Арыстағы жағдайға тап болуы мүмкін екенін айтты

Сарапшы әлемдегі кез келген армия Арыстағы жағдайға тап болуы мүмкін екенін айтты

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан Бас штабының экс-бастығы Арыстағы оқиға салдарын жою бойынша билік жұмысына баға берді.

Әлемнің кез келген армиясы осындай төтенше жағдайға ұшырауы ықтимал - Арыстағы жағдай туралы сарапшының пікірі

Танымал әскери сарапшы, Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының экс-бастығы Жаныбек Капаров Арыстағы оқ-дәрілер қоймаларындағы жарылысқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды CApress интернет порталы.

«Бүкіл Қырғызстан қайғыға ортақтасып, Арыс қаласындағы жағдайды бақылап отыр. Бүкіл ғұмырымды қызмет етуге сарп еткен әскери адам ретінде Қазақстан билігі жағдайға төтеп беріп, халық тарапынан зардап шеккендердің көп болмауына ықпал етті. Барлық шаралар уақтылы қабылданды. Оқиға орнына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі келді. Салдарды жою процесін бақылауды Қорғаныс министрі өз мойнына алды. Олардың іс-әрекеттерін оң жағынан атап өтуге болады», - дейді сарапшы.

Жаныбек Капаров мұндай төтенше жағдайдың туындауы әлемнің бүкіл армиясында орын алуы ықтимал.

«Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастыру процесі күрделі. Арсеналдардағы, қоймалар немесе зауыттардағы оқ-дәрілердің жарылысы таяу арада Ресейде, Украинада орын алған болатын. Тіпті, батыс мемлекеттерінде де мұндай жағдайлар тіркелген. Әрине, осындай төтенше жағдайға жол бермеу керек. Дегенмен, мұндай жағдай орын алса, ел билігі зардап шеккендердің санын азайтуға және оқиғаның бақылаудан шығып кетпеуіне жол бермеуі үшін барынша күш-жігерін жұмсауы қажет. Қорғаныс министрлігінің басшылығы осы жағдайды тежеді», - деді Қырғызстан Бас штабының экс-бастығы.

Өткен 10 жылдың әлемдік статистикасына сәйкес жыл сайын әлемде орта есеппен шамамен 185 техногендік апат орын алуда.

Сарапшы әлемдегі кез келген армия Арыстағы жағдайға тап болуы мүмкін екенін айтты

Әскери арсеналдар мен оқ-дәрілерді сақтау қоймаларындағы төтенше жағдайдың негізгі себептері жоғары температураның салдарынан өздігінен тұтану, өртке қарсы қауіпсіздік шараларының бұзылуы, оқ-дәрілерді сақтау талаптарының бұзылуы, немқұрайлық, адами фактор, диверсия.

Қоймалардағы өрттің туындау себептері туралы жорамалдаудан сарапшы бас тартты.

«Әзірге, менің ойымша бұл туралы айтқан ерте сияқты. Оқиғаның шынайы себептерін айқындайтын арнайы комиссия құрылды. Қалғаны жергілікті тұрғындардың бос сөздері. Олар әуесқойлықтарына қарамастан, орын алған оқиғадан өздерін барынша көрсеткілері, яғни, ұпай жинағылары келді. Жағымсыз пікір, жалған ақпарат таратып, халықты дүрліктіруде. Оқиға салдарын жою процесі жүруде және айрықша пиарды қажет етпейді. Әскерилер өз ісін жақсы біледі», - деп сарапшы ойын толықтырды.

Жаныбек Капаров болашақта мұндай төтенше жағдайды болдырмау туралы пікірін білдірді.

«Бұл өте күрделі мәселе. Менің ойымша, негізгі проблема әскери арсеналдар мен қоймалардың халық тұратын елді мекендердің жақын орналасуында болып отыр. Бірақ, Арыста арсенал әу бастан елді мекенде орналаспаған. Бұл жерге кейінірек азаматтар шоғырлана бастады. Шын мәнісінде бұл әскерилердің кінәсі емес. Себебі, нысандарға іргелес орналасқан аумақтар қорғаныс ведомствосының иелігіне жатпайды. Жер телімдерін бөлумен әскерилер емес, жергілікті муниципалитет айналысады. Олар бұл жағдайға еш әсер ете алмайды», - деп Жаныбек Капаров жеткізді.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel