RU
Алматыда шетел азаматын 33 мың теңгеге алдаған таксист ұсталды

Алматыда шетел азаматын 33 мың теңгеге алдаған таксист ұсталды

Рассказать Вконтакте

Алматы әуежайынан қалаға дейін шетелдік азаматты 33 мың теңгеге әкелген таксист оқиғасы тағы да өз жалғасын тапты. Бұл туралы хостел иесі Шакир Исламбакиев өзінің Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Life.ru

Көрнекі фото: Life.ru

"Таксист табылды. Ақшаны қайтарып алдық. Шетелдік азамат оны су тапшылығы мәселесімен айналысатын WaterAid UK мекемесіне тарту ету туралы шешім қабылдады", - деді Исламбакиев.

Кәсіпкер мәселенің шешілуіне атсалысқан тілшілерге, әкімдік, Visit Almaty, әуежайдың баспасөз қызметі мен полицияға алғыс айтқан.

"Әуежайда сол күні аталған мәселе бойынша жиналыс өтті. Сол күні одан басқа азаматтар тәртіпсіздікке жол берген таксисттің құрбаны болған. Әуежайда Минск әуежайындағыдай көзге көрінетін жерлерге такси қызметінің орташа бағасы көрсетіліп тұратын ақпараттық тақтайшалар ілінеді деген шешім қабылданды", - деп жазған ол.

Ол сондай-ақ жүргізушіні жақтап шыққан пікір білдірушілер жайлы да өз ойын ортаға салды.

"Сосын таксисті жақтап, "сырттан келген" шетелдіктер емес, "өзіміз" жақта болуың керексің деп пікір жазғандарға айтарым: Сіздер осы әрекеттен жиіркенбейсіздер ме? Алдап соғу, ақшасын қағып әкетумен айналысатын адамдарды қалай жақтауға болады? Мен олардың жағына шықпаймын, рахмет", - деді Исламбакиев.

Ол мұндай жағдайларға көз жұмып қарауға болмайтынын жеткізген.

"Мұндай оқиғаларды назардан тыс қалдыруға болмайды. Жалпы негізінде алдау, әділетсіздік пен немқұрайлық жағдайларын бұлай кешіре беруге де болмайды", - деп жазған ол.

Айта кетейік, 4 шілде күні Ұлыбритания азаматына әуежайдан қалаға жету үшін, таксистке 33 мың теңге төлеуге тура келген.

Сіздің реакцияңыз
12
1
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel