RU
Қажылыққа бару үшін қарыз алған дұрыс па?
Жаңалықтар Қоғам

Қажылыққа бару үшін қарыз алған дұрыс па?

Рассказать Вконтакте

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Өтпенов қажылыққа жағдайы бар мұсылмандар бара алатынын мәлімдеді. Ол бес парыздың бірін орындау үшін қарыз алудың қажеті жоқ екенін және мұны шариғат қолдамайтынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

Наиб мүфтидің сөзінше, кез келген мұсылман қажылыққа барғысы келеді. Оны армандайды.

Алайда Наурызбай Өтпенов қажылық кімге парыз екенін алдын ала біліп алған абзал дейді.

"Алла Тағала қасиетті Құранда "кімнің жағдайы келсе, сол адам өмірінде бір рет қажылық жасасын" деген. Яғни жағдайы бар мұсылман өмірінде бір рет қажылыққа баруы парыз. Әрине, одан кейін де баруға болады. Кейбір кездері адамдар қажылыққа бару үшін бір-бірінен қарыз немесе көмек сұрайды. Шариғат мұны қолдамайды. Қажылық – құлшылық. Ол демалатын орын емес. Сондай-ақ, қажылыққа бару, бұл бір дәрежеге көтерілетін мансап емес. Мұны білген жөн", - деді ол.

Айта кетейік, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нөкежановтың мәліметінше, биыл қажылыққа 3200 қазақстандық аттанады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
4
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel