Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімінің орынбасары атышулы түнгі клубты бақылауына алды

Опубликовано:

Қоғамдық кеңестің отырысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов оңтүстік астанадағы танымал SkyBar түнгі клубына қатысты мәселені өзі шешетінін айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Facebook

Қоғамдық кеңес танымал түнгі клубқа байланысты тұрғындардан жиі шағым түсетінін, осы мәселені түбегейлі шешу керектігін атап өтті.

Әукенов Sky Bar клубына қатысты шара қолданатынын, сол жерге барып, өз көзімен көретінін жеткізді.

Оның сөзінше, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігіне осы түнгі клубтан шыққандар кінәлі.

"Біз Алматы қаласының түнгі өміріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек. Қайғылы оқиғалардың көпшілігі түнгі клубтар мен ойын-сауық орындарынан шыққаннан кейін орын алады. Мұны қоғам өте ауыр қабылдайды. Сондықтан, ең алдымен барлық бейнебақылау камераларын біріктіру керек",- деді Әукенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805813-almaty-kimini-orynbasary-atysuly-tngi-klubty-bakylauyna-aldy/

pixel