RU
Тоқаев Қазақстанның алты жаңа елшілігін құрды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев Қазақстанның алты жаңа елшілігін құрды

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы бірқатар еуропалық елдерде Қазақстанның дипломатиялық миссияларын қайта құру туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Президент Таллинн қаласындағы Қазақстан Республикасының консулдығын Эстония Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру туралы жарлыққа қол қойды.

Братиславадағы дипломатиялық миссия Словак Республикасындағы елшілігі болып қайта құрылды.

Лиссабон қаласындағы дипмиссия Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшілігі болып қайта құрылды.

Ригадағы дипмиссия Латвия Республикасындағы елшілігі болып қайта құрылды.

Қазақстанның Белград қаласындағы дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы елшілігі болып қайта құрылды.

Қазақстанның София қаласындағы дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы елшілігі болып қайта құрылды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel