RU
Алматыда суицид жасаған жігітті әлдебіреулер әдейі құлатқан болуы мүмкін

Алматыда суицид жасаған жігітті әлдебіреулер әдейі құлатқан болуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында орналасқан "Манхеттен" тұрғын үй кешенінің 12-ші қабатынан секіріп қаза деген 25 жастағы жігітті әлдебіреулер әдейі құлатып жіберген де болуы мүмкін деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

Телеарнаның мәліметінше, жоғарғы қабаттан құлаған жігіттің бұл үйде тіркелмегені де анықталды. Марқұмның аты-жөні қалтасындағы құжаты бойынша бегілі болған.

Сонымен қатар телеарна тәртіп сақшыларының туыстарына қоңырау шалып, ала алмай жатқанын да хабардар етті.

Бір белгілісі, биіктен құлаған жігіт ішімдік ішпеген. Элиталық үйдің тұрғындарын сұрақ астына алған полицейлер түрлі болжамдар бойынша тергеу жүргізуде.

Марқұмды әлдебіреулер итеріп жіберген болуы мүмкін деген де болжам да бар.

"Пәтер жалдап тұрғанын, қонаққа келгені сияқты сұрақтарға жауап іздеу үстінде. Қазіргі таңда бұл іс "суицид" бойынша саралануда, дегенмен де тергеушілер басқа да болжамды жоққа шығармай, жіті тексеретін болады", - дейді Алматы қаласы полиция департаменті ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Дереккөз: КТК

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel