Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлнара Каримованы түрмеден жедел жәрдем көлігімен алып кеткен

Опубликовано:

Өзбекстан тұңғыш президентінің қызы Гүлнара Каримованы жазасын өтеп жатқан Ташкент облысындағы Зангиот әйелдер түрмесінен жедел жәрдем көлігімен алып кеткен. Бұл туралы оның адвокаты Грегуар Манжа Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: zimbio.com. Жедел жәрдем. Фото: twitter.com/GregoireMangeat
Фото: zimbio.com. Жедел жәрдем. Фото: twitter.com/GregoireMangeat: UGC

Адвокаттың сөзінше, ол Гүлнара Каримовамен кездесу үшін әйелдер колониясының кіре бересінде 6 сағат күткен.

Нәтижесінде, кездесу болмаған. Сондай-ақ Грегуар Манжа жалпы режимдегі түрме аумағынан жедел жәрдем көлігінің бірнеше күймесі шыққанын айтады.

"Сенімді ақпарат көзіне сенсек, мен онымен кездесуді сыртта күтіп отырған сәтте Зангиоттан шыққан жедел жәрдем көлігінде Каримова боолған. Ол менің тіпті Өзбекстанда екенімді білмеген де сияқты", - деп жазды Грегуар Манжа әлеуметтік желіде.

Қазіргі уақытта адвокатта қорғауындағы адамның денсаулығы жайлы мәлімет жоқ.

Оның сөзінше, соңғы бірнеше аптада осы колонияда "кем дегенде екі әйел адам" көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805894-glnara-karimovany-trmeden-zedel-zrdemmen-alyp-ketti/

pixel