RU
"Қайрат" қарсыласын соңғы минуттарда жеңіп Еуропа лигасының келесі кезеңіне өтті (видео)

"Қайрат" қарсыласын соңғы минуттарда жеңіп Еуропа лигасының келесі кезеңіне өтті (видео)

Рассказать Вконтакте

18 шілде күні "Қайрат" пен "Широки Бриег" клубтарының арасында жауапты кездесу болды. Алматылықтар өз алаңында босниялық клубты қабылдап, қосымша минутта жеңіске жеткен деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ойынның алғашқы жартысында қос клуб бір-біріне гол соға алмады.

Екінші таймда алматылықтар қарқынды үдеткенімен, қақпадан соңғы минуттарға дейін саңылау таба алмады.

Есеп ойынның 89 минутында ғана ашылды.

Дражен Багарич 11 метрлік айып добын сәтті орындап, босниялықтарды алға шығарды.

Алайда араға 2 минут салып "Қайрат" ойыншысы Рамазан Оразов есепті теңестірген. Ойынның нүктесін жартылай қорғаушы Исламбек Қуат қойды.

Тартысты өткен матч 2:1 есебімен аяқталды.

Алматылық луб Еуропа лигасының келесі кезеңіне жолдама алды. "Қайраттың" келесі қарсыласы Израильдік "Хапоэль".

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel