Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасын қынамен боятқан алматылық ару ауруханадан бір-ақ шықты

Опубликовано:

Алматыда сұлулық салонына барған бойжеткен ауруханаға түскен. Қасын қынамен боятқан Зере Төреханның беті ісіп, бөртіп кеткен. Ол екі апта бойы қатты күйік пен Квинке ісігінен емделген деп жазады "Алматы" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Зере Төрехан. Фото: видеодан кадр/Алматы телеарнасы
Зере Төрехан. Фото: видеодан кадр/Алматы телеарнасы: UGC

Оңтүстік астананың тұрғыны әдетте жасатып жүрген косметологиялық процедураларының бірінен кейін нағыз шок алған.

Зардап шеккен бойжеткеннің айтуынша, ауруханада оған дерматит пен Квинке ісігі бар аллергиялық реакция диагнозы қойылған. Оның үстіне, бойжеткен бұл үшін одан сұлулық салонынан ешкім кешірім сұрамағанын айтады.

Оқиға қаңтар айында болған, қазіргі таңда сот болып жатыр.

Жауаптылар өз кінәсін мойындамай отыр, олар бұған керісінше аллергиясы бар екенін білуге міндетті болған бойжеткенді кінәләп отыр.

Оған қоса, аталмыш мекеме жас қыздың 18 мың теңге көлеміндегі медициналық шығындарын төлеп берген.

Сұлулық салонының қорғаушысы косметолог мамандар клиенттердің қандай да бір аллергиясы бар екенін анықтап сұрауға міндетті емес екенін, алға тартты. Себебі қына медициналық зат емес.

Алайда, 25 жылдық тәжірибесі бар дерматолог мұнымен келіспейтін болып шықты. Ол қынаны аса қауіпсіз деп санауға болмайтынын жеткізді. Оның сөзінше, ол аллергия мен соңы Квинке ісігін тудыруы мүмкін. Ісіктің бұл түрі асқынып кетсе жағдай өліммен аяқталуы әбден мүмкін.

Маманның пікірінше, салон қызметкерлері міндетті түрде сынама жасап көру керек.

Бұл іске қатысты шешімді сот қабылдайтын болады. Әзірге бұл оқиғаның нүктесі қойылған жоқ. Келесі сот отырысы 24 шілдеге тағайындалған.

Авторлар: Ромина Макаримова, Арсен Сандыбаев

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1805899-kasyn-kynamen-boatkan-almatylyk-bojzetken-auruhanadan-bir-ak-sykty/

pixel