RU
БАҚ: 52 жастағы Николь Кидманның аяғы ауыр
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

БАҚ: 52 жастағы Николь Кидманның аяғы ауыр

Рассказать Вконтакте

Николь Кидман мен Кит Урбан жақын арада тағы да ата-ана атанбақ. Танымал актрисаның аяғы ауыр екенін бірінші болып, америкалық The Star басылымы хабарлады. Әлемге әйгілі жұлдыз ЭКҰ процедурасын жасатқан деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: woman.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: woman.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бірқатар шетелдік басылымдар бұған дейін Николь Кидманның тағы бір мәрте ана атанғысы келетінін жазған болатын. Актрисаға жақын дереккөздер оның бала туып емес, асырап алуға ниетті екенін жеткізген.

Алайда, The Star-дың мәліметінше, Кидман ақыр-соңы ЭКҰ жасатып, өзі босануға бел буған. Нәтижесінде, әлемдік жұлдыз бірінші процедурадан кейін-ақ бала көтерген.

"Николь бұл жаңалығымен жақын достарымен бөлісіп үлгерді. Ол жүктілігіне бірнеше апта болғанын айтты. Мұндай жаста қандай да бір медициналық көмексіз бала көтеру мүмкін емес. Бірақ, Николь ЭКҰ процедураларын айлап өтпегеніне қатты қуанып жүр " , - деді дерекөз.

Айта кетейік, ақпарат расталса, бұл Николь Кидман мен Кит Урбанның отбасы бесінші баламен толықпақ.

Ерлі-зайыптылар асыранды Коннор мен Изабелла және ортақ перзенттері Сандэй мен Фэйтті тәрбиелеп отыр. Актриса үлкен екі баласын Том Круздың жары болған кезде асырап алған.

Кейіннен Кит Урбанға тұрмысқа шыққан соң, ол балаларды өз атына жаздыртып алған.

Сіздің реакцияңыз
0
4
0
1
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel