RU
Малефисента 2: Анджелина Джоли танымал фильмнің екінші бөліміне түсті

Малефисента 2: Анджелина Джоли танымал фильмнің екінші бөліміне түсті

Рассказать Вконтакте

"Звездный разум" атты фантастикалық фильмі мен "Битва", "Малефисента 2" жақын арада көрермендерге қуаныш сыйламақ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Nurtv.kz назарларыңызға су жаңа фильмдер тізімін ұсынады.

1. Битва

Биші Антонның бар арманы би олимпиадасынан жүлделі орын алу. Алайда жас жігіт күтпеген жерден жарақат алып, құлағы естімей қалып, өмірінің күл-талқаны шығады. Бірақ осы қиын сәтте ол өмірлік махаббатын жолықтырады.

Оның биге деген махаббаты жеңіп шығып, құлағы естімейтін жандарға арналған би үйірмелеріне қайта қатысуды бастайды.

2. Трудности выживания

Қызметіне жаңадан кіріскен Нина эксклюзив жаңалық жасау мақсатында, белгісіз аралға аттанады. Алайда түсірілім тобына теңізде дауыл соғып, Нина иесіз жағалауда көзін ашады.

Бақытына орай, ол өзі іздеген аралға тап болады. Алайда оның қуанышы ұзаққа созылмайды. Себебі аралдағы бай азамат жайлы ақпарат жалған болып шығады.

3. Звездный разум

Осыдан біраз заман бұрын жерге экологиялық қауіп төнеді. Ал одан аман қалудың жалғыз жолы - ғарыштан жаңа ғаламшар табу. Осы мақсатта, аспандағы ғаламшарлардың қайсысы адамға ыңғайлы екенін анықтайтын аппарат ұшырылады.

Алайда сапар барысында ғарыш кемесінде апат орын алып, жермен байланыс үзіледі. Ал өзге ғаламшарда ғарышкерлерді түрлі қиындықтар күтіп алады.

4. Малефисента: Владычица тьмы

Фильм Малефисента Аврора ханшайымға зұлымдық жасағаннан кейін бірнеше жылдан соң орын алған оқиғаны көрсетеді.

Ел асыға күткен кино туындыдан болашақ ханым мен зұлымдық періштесінің арасындағы бәсекелестікті, жаңа одақты көруге болады.

5. Полицейский с Рублевки. Новогодний беспредел 2

Фильмде "Барвиха Северное" киносындағы полиция қызметкері түрлі қиындыққа тап болады. Гриша Измайлов өзінің бөлімшесін құтқару жолында бәрін жасауға дайын. Алайда жаңа жыл қарсаңында ешкім күтпеген тосын жағдай орын алады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel