RU
БҚО-да қарақұртқа ұқсас жәндік тұрғындарды шошытты (фото, видео)

БҚО-да қарақұртқа ұқсас жәндік тұрғындарды шошытты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Instagram әлеуметтік желісінде қарақұртқа ұқсас жәндіктің фотосы мен видеосы пайда болды. Улы жәндікті Бәйтерек ауданы Асан ауылының тұрғыны камераға түсіріп алған деп хабарлайды Мой город порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

"17 шілде күні Асандағы біздің үйдің ауласынан осындай жәндікті кездестірдім. Абай болыңыздар. Түріне қарасам қарақұртқа ұқсайды", - дейді ролик авторы жазбасында.

Видеоға пікір білдірген оқырмандар: "бұл расымен қарақұрт", "улы жәндік көбейіп кетпес үшін, үйді жағып жібер" деген сынды пікірлер қалдырған.

Сондай-ақ, желі қолданушысының бірі "Бұл орын алып отырған екінші жағдай. Осыған дейін Асандық бір әйел адам өзінің үйінен улы жәндікті кездестірген. Қарақұрт адам үшін өте қауіпті болып табылады. Оралда оның уына қарсы дәрі жоқ. Себебі бұл жәндік біздің өңірде бұрын болған емес", деп жазды.

Алайда Энтомолог маман Ділдә Ақбәуленова аймақтың климаты қарақұрттың мекендеуіне қолайлы емес екендігін айтты.

"Өрмекші-қарақұттар шөл және шөлейтті жерлерде өмір сүреді. Көршілес Атырау облысында улы жәндіктер көп кездеседі. Бірақ біздің өңіріміздің климаты олар үшін қолайлы емес, және осы жылғы ауа райы да қарақұрттарға қолайсыз. Биыл жаз өте салқын, ылғалды және жаңбырлы болуда. Сондықтан, мен өрмекші-қарақұрттар біздің облыстың аумағында өмір сүре алады деп санамаймын", - дейді ол.

Сонымен қатар, оралдық обаға қарсы станциясы қарақұрттың Батыс Қазақстан облысының аумағында әлі де кездесіп жатқандығын және қазіргі уақыт олардың көбеюінің ең қолайлы кезеңі екенін жеткізді.

"Суреттен анықтау өте қиын. Бірақ қарақұртқа өте ұқсайды. Нақты шешім шығару үшін, зертханамызда зерттеу жүргізу үшін бізге үлгісі керек.
Біз адамдарды абай болуға шақырамыз. Себебі қазір уақыт қарақұрттың ең белсенді кезеңі болып табылады. Сізді осындай улы жәндіктер шағып алған жағдайда тез арада дәрігерге көрінуге кеңес береміз", - дейді обаға қарсы станцияның зоолог маманы Гаухар Өтебаева.

Бұдан бөлек, маман қарақұртың маусым және шілде айында өте улы болатынын атап өтті.

"Қарақұрттың ұрғашылары жаздың басында жаңа ұя іздеп, жаппай қоныс аударады. Олар көбінесе адамның қолы мен аяғынан шағады.

Қарақұрттың еркектертері әлдеқайда әлсіз болады, олар адамның терісінен тістей алмайды. Қарақұрт көбінесе топ болып көшеді. Адамдарға абай болуы керек. Олардың шаққаны бірден сезілмеуі мүмкін. Алғашқы белгілері 1-2 күнде пайда болуы ықтимал. Шаққан жағдайда бұлшықет пен асқазан ауыра бастайды. Соңғы жылдары БҚО-да қарақұрт жағдай жағдайлар тіркелмеді", - деді Гаухар Өтебаева.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel