RU
48 адамды өрттен құтқарып қалған семейлік азамат баспаналы болды (фото)

48 адамды өрттен құтқарып қалған семейлік азамат баспаналы болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Өткен жылы Ресейдің Новосібір қаласына бағыт алған автобус өртеніп, семейлік Ержан Омарханов 48 адамды өрттен құтқарып қалған болатын. Ер адамның еңбегі арада бір жыл өткенде еленіп, кәсіпкерлер 4 бөлмелі пәтердің кілтін табыс еткен деп хабарлайды Алтайньюс.

Ержан Омарханов. Фото: altaynews.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ержан Омарханов. Фото: altaynews.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ержан Омархановтың ерлігі үлкен құрметке лайық деп санаған акционерлер Берік Қаниев пен Юрий Пак қаһарман жігітке 4 бөлмелі пәтердің кілтін сыйлаған.

"Бастысы ол қашан да жақсылықтың өтеуі болатынынан түсінсін. Адамдарға деген кіршіксіз көңіліне кірбің түспесін. Алдағы уақытта оның грек-рим күресінен жастарды тәрбиелеп жүрген үйірмесіне де қолдау көрсетсек деген жоспарымыз бар", - деді Берік Қаниев пен Юрий Пак.

Айта кетейік, осыған дейін Семей қаласының әкімі ер адамға 1 миллион теңге сыйақы тағайындаған.

Естеріңізге сала кетейік, Ержан Омархановтың ерлігі жайлы былтырғы жылдың тамызында белгілі болған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel