RU

Алматыда күннің аптап ыстығына шыдамаған асфальт еріп кетті (фото)

Алматы тұрғындары бірнеше күннен бері аптап ыстықтың азабын тартуда. Күннің қатты ыстық болғаны соншалық, тіпті көшеде асфальт балқып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Асфальттің еріп кеткен "айрықша" суретін қала тұрғындарының бірі Twitter желісінде жариялаған. Онда ол:

"Тимирязев көшесінде асфальт еріп кетті", - деп жазған.

Ол бұл хабарламаны Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған.

Айта кетейік, қалада бірнеше күннен бері ауа температурасы 36-38 ыстықты көрсетіп тұр.

Алматы қаласының мобильділік басқарма өкілдері мән-жайды NUR.KZ-ке түсіндірді.

"Қазіргі таңда мамандандырылған зертханада қосымша сынақтар жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша қосалқы мекеме қаражаты есебінен тиісті шаралар қолға алынатын болады", - деп түсіндірді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1805932-almatyda-knni-aptap-ystygyna-sydamagan-asfalt-erip-ketti-foto.html