RU
Конор Макгрегордың октагонға қашан оралатыны белгілі болды

Конор Макгрегордың октагонға қашан оралатыны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

UFC президенті Дэйна Уайт ұйымның бұрынғы чемпионы, ирландиялық Конор Макгрегордың октагонға қай уақытта қайтып келуі мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Менің ойымша, Конор 2019 жылдың соңында немесе 2020 жылдың басында қайта оралады. Қыркүйектегі турнирлердің қалай өтетінін көрейік. Конор Нурмагомедов-Порье жекпе-жегі жеңімпазымен жұдырықтаспайды. Бірақ бұл кездесуде кім жеңсе де, дивизионда маңызды өзгерістер орын алады", - деп Уайттың сөзін келтірді TMZ басылымы.

Айта кетейік, ирландиялық спортшы 2018 жылдың қазан айынан бері октагонға шықпады.

Ол ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп, арты жаппай төбелеске ұласқан болатын. Нәтижесінде екеуі де ұзақ уақытқа спортан шеттетілді.

Макгрегордың өзі ММА-дан кеткенін мәлім еткенімен, кейін бірнеше рет қайтып келетінін тұспалды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel