Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наташа Королева Бүркіттің арқасында қазақ тілін үйренгенін айтты

Опубликовано:

Ресейдің танымал әншісі Наташа Королева Бүркітпен бірге жаңа ән жазу үшін қазақ тілін үйренуге мәжбүр болған. Өнер иесі өзге тілді меңгеру үшін өзіне қазақстандық әріптесі үлкен қолдау көрсеткенін айтып берді деп жазады zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Королева отандық шоу-бизнес жұлдызы Бүркітпен жаңа туынды жарыққа шығару үшін Алматыға арнайы келген.

Әнді жазу барысында ресейлік әнші қазақ тілін үйреніп те алған.

"Біз мен онда кездейсоқ тап болатын өте көңілді, жарқын хикаяны түсіріп жатырмыз. Ең бастысы, мен бойымда жатқан талантымды ашып жатырмын. Енді мен қазақ тілінде ән шырқай аламын.
Әрине өте қиын тіл, сондықтан мұқият дайындалдым. Бірақ, Бүркіт сынды сымбатты әрі талантты ер адамның қолдауының арқасында менің қолымнан келді. Ортақ шығармашылық жұмысымыз сіздерге ұнайды деген үміттемін" , - деді Королева.

Айта кетейік, бұған дейін қазақтың камзолын киіп, бидің түбін түсірген Наташа Королева қызу талқыға түскен болатын.

Оған қоса, Королева қонақжай Аишаның дастарханына тәнті болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1805939-natasa-koroleva-brkitti-arkasynda-kazak-tilin-jrengenin-ajtty/

pixel